Қазақстанда ғана емес, ТМД және алыс шетел елдерінде де жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиноның заңсыз қызметі бойынша тергеу жүргізілуде,жүргізілудеАлматы облысы бойынша Қаржы мониторингі департаменті хабарлайдыToppress.kz.
Заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырудан басқа, онда мыңдаған отандастарымыз тартылған, онлайн-платформа сондай-ақ тиісті лицензиясыз букмекерлік қызметтер көрсетті.
Сонымен қатар, ақша қаражаттары интернет-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданды, бұл кәмелетке толмағандардың да құмар ойындарға қатысуына мүмкіндік берді.
Тек 2023 жылы онлайн-казиноның айналымы шамамен 4 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталған, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуде, тәркілеуге жататын мүлік пен ақша қаражаттары жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге қамауға алынды.
«Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметі тыйым салынғанын және букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертеді.